Балауса Мұздыман кәсіпқой мансабында тоғызыншы рет жеңіске жетті

/
Балауса Мұздыман кәсіпқой мансабында тоғызыншы рет жеңіске жетті

Алматыда өткен бокс кешінде ол үндістандық Мамта Сингхпен (7-2-1, 4 КО) қолғап түйістірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Екінші аса жеңіл салмақта ұйымдастырылған бұл жекпе-жекте UBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынды. Төртінші раундта Мұздыман қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Бұған дейін бірінші, екінші және төртінші раундтарда төреші Сингхті нокдаунға санаған болатын.

Нәтижесінде, Балауса Мұздыман кәсіби рингтегі тоғызыншы жеңісін тіркеп, UBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды. Ал Мамта Сингх өз мансабында үшінші рет жеңілістің кермек дәмін татты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары