Танымал сәнгер Джорджо Армани қайтыс болды

/
Танымал сәнгер Джорджо Армани қайтыс болды
Ашық дереккөзден

Джорджо Арманидің өліміне коронавирус салдары себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бірнеше апта бұрын сәнгерден өкпе инфекциясы анықталғанын Mash Telegram-арнасы жазды.

Соңғы үш айда Арманидің жағдайы айтарлықтай нашарлаған. Маусым айының соңында ол Миланда өткен Emporio Armani сән көрсетіліміне қатыспаған.

Атақты сәнгердің жерлеу рәсімі жабық түрде өтеді. Қоштасу үшін арналған шіркеу 6–7 қыркүйекте Миландағы «Armani» театрында ашылады.

Еске салайық, Джорджо Армани 91 жасында өмірден өтті. Ол өзінің аттас компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы, бас директоры және креативті директоры қызметін атқарған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары