Маңғыстауда бейіт басынан мәрмәр тақтаны ұрлап кеткен (ВИДЕО)

/
Маңғыстауда бейіт басынан мәрмәр тақтаны ұрлап кеткен (ВИДЕО)
istockphoto.com

Ақтауда ер адамның бейітіне орнатылған мәрмәр тақтаны белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Бұл туралы марқұмның жесірі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Марқұмның жұбайының видеоүндеуі жергілікті Instagram-пабликтерде жарияланды. Әйелдің айтуынша, отбасы күйеуінің қайтыс болғанына бір жыл толуына дайындалып жүрген. Зиратқа келген туыстары мазардағы мәрмәр құлпытастың жоғалып кеткенін анықтаған.

«Менің жасым 67-де, мұндайды бірінші рет көріп тұрмын. Біреу “мәрмәр үшін дау шығардың” дер, бірақ кешіріңіздер, ол мәрмәр менің марқұм күйеуімнен қымбат емес. Оны Алла алды, ал сіздер жай ғана тасты емес, көтере алмайтын ауыртпалықты алдыңыздар. Сіздерге жаным ашиды. Ар-ұяттарыңыз қайда, адамгершіліктеріңіз қайда?» – дейді ол.

Ол болған жайтқа қатты таңырқап, мұндай әрекетке барған адамның мұнымен тоқтамайтынын және алдағы уақытта да осындай ұрлықтарға баруы мүмкін екенін айтады.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары