Астанада курьер болып киінген ер адам танысының ақшасын ұрлап кеткен

/
Астанада курьер болып киінген ер адам танысының ақшасын ұрлап кеткен

Астанада полицейлер танысының пәтерінен 1,5 млн теңгенің мүлкін ұрлаған тұрғынды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Елордада полицейлер екі тәуліктің ішінде пәтер ұрлығына қатысты істі ашты. Полицияға қала тұрғыны шағымданып, белгісіз біреудің олардың пәтеріне заңсыз кіріп, ақша мен төрт алтын сақинаны ұрлап кеткенін хабарлаған. Оның айтуынша, ұры үй иелерінің жұмыста болуын пайдаланып, күндіз қылмыс жасаған. Қылмыс сәтінде көршілер де, кездейсоқ куәгерлер де күдікті адамның пәтерге кіргенін байқамаған. Жәбірленуші келтірілген жалпы залалды шамамен бір жарым миллион теңге деп бағалады.

Сарайшык аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол – жәбірленушілердің 38 жастағы танысы болып шықты. Тергеу барысында ер адамның алдын ала дайындалғаны белгілі болды: ол курьер ретінде келіп, үйде ешкім жоқ екеніне көз жеткізіп, кілттің көшірмесін жасап алған. Кейін соның көмегімен пәтерге кіріп, ұрлық жасаған.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу нәтижесінде ұрланған ақша күдікті тарапынан жеке қажеттіліктеріне жұмсалғаны анықталды, ал алтын әшекейлер тәркіленіп, заттай айғақ ретінде алынды. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары