Францияда бұқа тореадорды мүйізімен жаралады

/
Францияда бұқа тореадорды мүйізімен жаралады

Францияда Хуан де Кастилья есімді колумбиялық тореадор трюк орындау кезінде ауыр жарақат алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

 Бұл туралы El Mundo басылымы мәлімдеді.

Оқиға Байонна қаласында өткен жарыс кезінде болды. Қатысушылардың бірі бұқамен шыққан кезде тореадор тізесімен жануардың кеудесіне соққы жасауға әрекеттенді. Сол сәтте бұқа мүйізін оның екі аяғының арасына сұғып жіберді.

«Мен мүйіздің қалай қадалғанын сездім, аяқтарым құрысып қалды», – деді тореадор өз әсерін айтып.

Жекпе-жектің соңында ол бұқаға да жарақат салды. Колумбиялық спортшы бірден ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер жарақаттың бастапқыда ойланғандай аса терең еместігін және өмірлік маңызды органдарға зақым келмегенін анықтады.

Науқас жансақтау бөліміне жатқызылып, ота жасалды. Қазір ол әлсіз болса да жүріп-тұра алады. Өзі 13 қыркүйекте Мадридтегі Лас-Вентас аренасында өтетін келесі кезеңге қатыса алатынына сенімді.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары