Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атылған мылтық Астанада есептен шығарылған болып шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мұны немқұрайлылықтың салдары деп атап, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Қару Астанада есептен шығарылғанымен, Шымкенттен табылған. Сәденов бұл деректі жанама түрде растады, мұндай жағдай полицейлердің салғырттығынан болғанын жеткізді.
— Иә, өкінішке қарай, мұндай жағдайлар кездеседі. Біреу сатып жіберген жоқ, полицейлердің немқұрайлы қарағаны болды. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу барысында осының бәрін анықтап, барлық сұрақтарға жауап береміз, – деді министр.