Риддерде көшелерді аюлар кезіп жүр (ВИДЕО)

/
Риддерде көшелерді аюлар кезіп жүр (ВИДЕО)
istockphoto.com

Риддер қаласының әртүрлі аудандарында аюлар жиі байқалуда, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жуырда Громотушин шатқалында үш жас аю дача иелерінің ауласына кірген. Алдымен бір үйдің қоршауын сындырып өткен олар бірнеше күннен кейін басқа дачаға келіп, бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Тұрғындардың айтуынша, жануарлар адамдардан қорықпайды. Екінші ауданның Шоссейная көшесінде куәгерлер көліктің алдында жүгіріп бара жатқан аюды видеоға түсірген. Сондай-ақ осы ауданда ағашқа өрмелеген аюдың баласы да байқалған.

Аюлар Тишин кен орны маңында да жиі кездеседі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары