Ақсу ферроқорытпа зауытында еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдын-ала деректерге сәйкес, Ақсу қаласындағы зауыттың балқыту цехында пештен шихта материалдары төгілген. Салдарынан үш жұмысшы күйік алып, ауруханаға жеткізілді.
«Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады», – деп хабарлады полиция.
Бұған дейін Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмыс жүргізу кезінде үш қызметкер термиялық күйік алғаны хабарланған еді.