Полиция алаяқтардың 2,2 млрд теңге жымқыру жоспарын әшкереледі

/
Полиция алаяқтардың 2,2 млрд теңге жымқыру жоспарын әшкереледі

Қазақстанда Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде құқық қорғау саласын цифрландыру қарқынды жүріп жатыр. Соның нәтижесінде жаңа технологиялар енгізіліп, олардың тиімділігі байқала бастады., деп хабарлайды turkystan.kz.

Елімізде бейнебақылау инфрақұрылымы кеңейіп, 19 мыңнан астам камера жасанды интеллект элементтерімен жабдықталды. Бұл құрылғылар адамның бет-жүзін танудан бастап, қараусыз қалған заттарды анықтауға және көлік қозғалысын талдауға дейін мүмкіндік береді. Мұндай жүйелердің Жедел басқару орталықтарымен біріктірілуі оқиғаларға дер кезінде әрекет етуге жағдай жасап отыр.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары заманауи планшеттер мен смарт-жетондар қолдана бастады. Бұл олардың жұмысын жеделдетіп, қызмет сапасын арттыруға ықпал етуде.

Азаматтардың да құқық қорғау органдарымен байланысын жеңілдету үшін «102» мобильді қосымшасы іске қосылды. Бұдан өзге eGovMobile және банктердің қосымшаларында «Заң және тәртіп» сервисі пайда болып, кез келген тұрғын заң бұзушылық туралы мәліметті жылдам жеткізе алады.

Ішкі істер министрлігінің өкілдерінің айтуынша, дәл осы шаралардың арқасында алаяқтар 2,2 млрд теңгені заңсыз иемденуден тоқтатылды. Сонымен бірге халықтың құқықтық әрі қаржылық сауаттылығы артып келе жатқаны атап өтілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары