Жібек Құламбаева бір күнде екі кездесуді жеңіспен аяқтады

/
Жібек Құламбаева бір күнде екі кездесуді жеңіспен аяқтады

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Чанше (Қытай) челленджер турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Дүниежүзілік рейтингіде 381-орында тұрған Ж.Құламбаева жекелей сында әлемнің 189-ыншы, осы жарыстың 7-ракеткасы, корт иесі Сичжой Вэймен кездесті.

Бірінші партияда Жібек табандылық танытты — 7:5. Екіншісінде Вэй есе қайырды — 6:3.

Дегенмен үшінші, шешуші сетте Жібек Құламбаева шеберлігінің басым екендігін көрсетті — 6:3.

Екі сағат 27 минутқа созылған тартысты бәсекеде Жібек 13 брейк-пойнттың жетеуін өз есебіне жазды. Вэй 2 эйс, 6 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті. 

Жібек Құламбаева ширек финалға шығу үшін әлемнің 194-ракеткасы, ресейлік Алина Чараевамен таласады. 

Қазақстандық теннисші оңтүстіккореялық Со Хен Пакпен бірге жұптық сында қытайлықтар Ксан Ши — Зо Юн Лимен сынға түсті.

Қазақстандық-кореялық жұп 1 сағат 42 минутқа созылған тартысты ойында 6:1, 5:7, 10:4 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп ширек финалға жолдама алды.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 242-ракеткасы Зарина Дияс жекелей сында әлемдік рейтингіде өзінен сегіз саты төмен тұрған канадалық Кэрол Чжаомен кортқа шықты.

Бірінші сетте есеп 5:5 болған сәтте Зарина матчты жалғастырудан бас тартты. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары