Қарағанды облысында терезеден құлаған қыз бала көз жұмды

/
Қарағанды облысында терезеден құлаған қыз бала көз жұмды
istockphoto.com

29 тамыз күні шамамен сағат 19:00-де Саран қаласында тұрғын үйдің үшінші қабатындағы терезеден қыз бала құлап кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылы туған қыз бала ересектердің қарауынсыз қалған.

Балалардың көпқабатты үйлердің терезелерінен құлап кетуіне жол бермеу үшін құтқарушылар мынадай кеңестер береді:

Балаларды қараусыз қалдырмау;

Балалар тұратын пәтерлердің терезелерін арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықтау;

Баланың терезе алдына шығып кетпеуі үшін барлық жиһазды терезеден алыстату;

Москит торына сенбеу — балалар оған сүйеніп, онымен бірге құлап кетуі мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары