1 қыркүйекте Махамбет ауданына қарасты Чкалов ауылының тұрғындары Жайық өзенінің суы жасыл түске өзгергенін байқады.
«Сол күні ауыл тұрғындарымен және Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандарымен бірге оқиға орнына бардық. Су түсінің өзгеруі табиғи балдырлардың гүлденуімен байланысты екені анықталды», – деп түсіндірді Атырау облысы экология департаментінің өкілі Эльнара Оралқызы.
Департамент мамандары судан сынама алып, оны зертханаға жіберді. Қосымша ақпарат талдау нәтижелері шыққаннан кейін хабарланады.
Еске сала кетейік, мұндай жағдай 2023 жылы да болған. Ол кезде жүргізілген зерттеулер нормадан асқан көрсеткіштерді анықтамаған еді.