Пәкістанның Гилгит-Балтистан аймағында әскерилерге тиесілі тікұшақ апатқа ұшырап, экипаж мүшелері қаза тапты , деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, әуе көлігінде екі пилот пен үш техник болған. Олардың барлығы мерт болғаны айтылды.
Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, тікұшақ сынақ қонуын орындап жатқан кезде техникалық ақауға байланысты апатқа ұшыраған.
Пәкістан үкіметінің ресми өкілі Файзулла Фарактың айтуынша, тікұшақ апатты қонуға талпынғанымен, кейін құлап кеткен.
Апат себебі мен қаза тапқандар туралы толық ақпарат анықталып жатыр.
Гилгит-Балтистанның бас министрі құтқару қызметтеріне оқиға орнына жедел жетіп, іздестіру-құтқару жұмыстарын бастауға тапсырма берді.