Қазақстанда болған жол апатының қорқынышты видеосы желіде тарап жатар

/
Қазақстанда болған жол апатының қорқынышты видеосы желіде тарап жатар

Солтүстік Қазақстан облысында қатарынан үш көлік ірі жол апатына ұшырады. Полицияның мәліметінше, екі адам қаза тапқан, тағы бесеуі әртүрлі жарақат алған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралды. Кадрларда мыжылған көліктер мен қайтыс болған адамдар көрінеді.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, апат 1 қыркүйек күні күндіз болған.

«Челябі – Новосібір бағытындағы республикалық маңызы бар автожолдың 505-шақырымында, Қызылжар ауылының маңында Chevrolet, Mazda және Lexus көліктері соқтығысты. Салдарынан екі адам көз жұмып, бесеуі түрлі жарақат алды», – деді тәртіп сақшылары.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары