HBO «Гарри Поттерді» қайта түсіріп жатыр

/
HBO «Гарри Поттерді» қайта түсіріп жатыр

Ағылшын актері Уорвик Дэвис HBO түсіріп жатқан жаңа «Гарри Поттер» сериалында профессор Филиус Флитвик кейіпкерін қайта сомдайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Variety-дің хабарлауынша, Дэвис бұл рөлді барлық сегіз фильмде ойнаған. Ол сондай-ақ гоблин-банкир Крюкохватты сомдаған еді, бірақ жаңа жобаға бұл рөлге Ли Гилл бекітілді.

Сериалда тағы бірнеше маңызды рөлдер де ресми түрде белгілі болды: профессор Помона Стебль – Сирин Саба, профессор Катберт Бинс – Ричард Дурден, мадам Поппи Помфри – Брид Бреннан, Дин Томас – Элайджа Ошин, Винсент Крэбб пен Грегори Гойл – Финн Стивенс пен Уильям Нэш.

Жаңа «Гарри Поттер» сериалының премьерасы 2027 жылға жоспарланған. Қазір түсірілім Ұлыбританиядағы Warner Bros.' Leavesden Studios алаңында жүріп жатыр. HBO біртіндеп сиқыршылар әлеміндегі толық актерлік құрамды таныстыруда.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары