Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің тарихи жеребесі тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл жеребеге өз тарихында алғаш рет алматылық «Қайрат» футбол клубы қатысты.
Ережеге сәйкес, 36 команда төрт себетке бөлінген, ал жеребе автоматты форматта жүргізілді. Бір федерациядан шыққан клубтар әртүрлі топқа түсті.
Жеребе қорытындысы бойынша Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде алматылық «Қайрат» өз алаңында "Реал Мадрид" (Испания), "Олимпиакос" (Грекия), "Брюгге" (Бельгия), "Пафос" (Кипр) командаларымен ойнайды.
Ал сырт алаңда “Спортинг” (Португалия), “Арсенал” (Ұлыбритания), “Интер” (Италия), "Копенгаген" (Дания) клубтарымен кездеседі.
Еске салсақ, «Қайрат» турнирдің топтық кезеңіне плей-оффта Шотландияның «Селтик» клубымен тең түсіп, ақырында пенальти сериясында (3:2) жеңгеннен кейін өткен-тін.