Бүгін, 28 тамызда Қазақстанда ресми түрде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 2 қыркүйектен бастап еліміздің барлық өңірінде қалалық және аудандық шақыру комиссиялары өз жұмысын бастады. Осы кезеңде 18 бен 27 жас аралығындағы шамамен 22 мың жас қазақстандық Қарулы күштер мен басқа да әскери құрылымдардың қатарына қосылады. Бұл туралы Астананың Қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының орынбасары Әнуар Әубәкіров пен ведомство өкілі Ғани Артықов елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Шақырылушылар келесі әскери құрылымдарға бөлінеді:
• Қарулы күштерге – 10 мыңнан астам;
• Ұлттық ұланға – 7 мыңнан астам;
• ҰҚК Шекара қызметіне – 2 мыңнан астам;
• Төтенше жағдайлар министрлігіне – 300-ден астам;
• Мемлекеттік күзет қызметіне – шамамен 300 сарбаз.
Тек Астананың өзінен биылғы күзгі шақырту науқаны аясында 1000-нан астам жас әскер қатарына жіберіледі.
Биыл әскерге шақыру рәсімі халық үшін барынша ашық әрі ыңғайлы форматта ұйымдастырылған. Шақырылушыларға жеке шақырулар және 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы SMS-хабарламалар жолданады. Сонымен қатар, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің электронды поштасы мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы азаматтар қажетті ақпаратты жылдам әрі ашық ала алады.
Астананың Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі, полковник Ғани Артықовтың айтуынша, мұндай шаралар халықпен тиімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Департамент басшысының орынбасары, полковник Әнуар Әубәкіров мерзімді әскери қызметтің артықшылықтары мен соңғы жылдары енгізілген жаңашылдықтарға тоқталды.
Негізгі шаралар қатарында:
• Несие каникулы: 17 мыңнан астам мерзімді әскери қызметшілер жалпы сомасы 6,6 млрд теңгені құрайтын қарыздарын өтеуді кейінге шегеру мүмкіндігін алды. Бұл әскерде жүрген жастарға әлеуметтік және қаржылық тұрғыдан жеңілдік жасайды.