Бұл туралы SHOT Telegram-арнасы мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ақпаратқа сәйкес, жерасты дүмпулеріне қарамастан "Магма" және "Азерпетрол" әуесқой футбол командаларының ойыны жалғасқан.
Магнитудасы 5,7 жер сілкінісі Каспий теңізі жағалауында, Дербенттен (Ресей) 50 шақырым солтүстік-батыста тіркелген. Зілзаланың ошағы 11 шақырым тереңдікте орналасқан.
БАҚ дерегінше, жер сілкінісін Әзербайжан, Дағыстан, Шешенстан, Астрахан облысы және Ақтау қаласы да сезген. Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ.