Бүгін Шымкент қаласында өтіп жатқан нысана көздеу мен стенд атудан XVI Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Трап жаттығуында аралас командалық сайыста Қазақстан-1 командасы сапында Әлішер Айсалбаев пен Айжан Досмағамбетова Үндістан-2 құрамасынан басым түсті. Есеп: 38-34. Тағы бір қола жүлдеге Қытайдың Тайпейі қол жеткізді.
Алтынды Қытай-2 мен Кувейт-1 командасы сарапқа салып жатыр.
Айта кетейік, бұл Әлішер үшін сары құрлық бәсекесінің алғашқы, ал Айжан үшін екінші медалі.