«Қайратқа» «Селтикті» жеңгені үшін 11 млрд теңге беріледі

/
«Қайратқа» «Селтикті» жеңгені үшін 11 млрд теңге беріледі
instagram

Алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққаны үшін 18,62 млн еуро (11,6 млрд теңге) көлемінде сыйақы алды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл сома турнирдің басты кезеңіне өткен барлық командаларға, нәтижесіне қарамастан, беріледі.

Топтық кезеңдегі сыйақы мөлшері: жеңіске – 2,1 млн еуро (1,3 млрд теңге), тең ойынға – 700 мың еуро (436 млн теңге).

Еске сала кетейік, 26 тамызда «Қайрат» «Селтикті» жарыстан шығарып, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтті. УЕФА бұл жетістікті тарихи жеңіс деп атап, матчтың басты қаһармандарын ерекше бағалады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары