Қазақ футболының жаңа жұлдызына айналған Темірлан Анарбеков туралы не білеміз (ВИДЕО)

/
Қазақ футболының жаңа жұлдызына айналған Темірлан Анарбеков туралы не білеміз (ВИДЕО)
Фото: olimpbet.arena

Алматыда жаңа футбол қаһарманы пайда болды. "Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбеков клубтың Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне тарихи жолдамасын қамтамасыз еткен басты кейіпкерге айналды. Ол кім және неге оны қазірдің өзінде қазақстандық футболдың жаңа жұлдызы деп атай бастады, деп хабарлайды turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Селтикке" қарсы қарымта матчтың пенальти сериясында, 21 жастағы қақпашы шын шеберлігін көрсетті - үш бірдей пенальти соққысын қайтара отырып, "Қайраттың" 3:2 есебімен жеңіске жетуіне шешуші үлес қосты (негізгі уақыт — 0:0).

"Қайраттағы" қосалқы құрамынан Қазақстан футболының басты үмітіне дейін
2003 жылдың 14 қазанында дүниеге келген Темірлан Анарбеков футбол жолын туған қаласы - Атырауда бастаған. 2017 жылы ол "Қайрат" академиясына ауысты, ал 2022 жылы негізгі құрамға көтерілді. 2024 жылдың басым бөлігін ол астаналық "Жеңісте" жалға ойнап, тәжірибе жинақтады.

"Селтикпен" болған матчта ол мәжбүрлі түрде алаңға шықты - алғашқы ойында негізгі қақпашы Александр Заруцкий жарақат алған. Жас ойыншы осы мүмкіндікті толық пайдаланып, өз атын таныта білді.

Анарбековтың статистикасы: ол өзін дәлелдей алды

2025 жылғы маусым Темірлан үшін карьерасындағы ең маңызды кезеңге айналды. Оның еншісінде барлық турнирлерде 11 матч, 7 допты өткізіп алды және 7 ойында ешбір голсыз өткізді. Бірақ нағыз сынақ дәл осы "Селтикпен" болған шешуші ойын болды, онда ол пенальти қайтарудың шебері болды.

Темірлан бір матчта жұлдызға қалай айналды?

"Селтикпен" ойын алдында оның Instagram парақшасында небәрі екі мыңға жуық оқырман болған. Қазір - 22 мыңнан астам, және бұл сан минут сайын артып келеді. Анарбеков енді жай ғана "Қайрат" ойыншысы емес, клубтың тарихи жетістігінің символына айналды.

Жасы небәрі 21-де болса да, Темірлан Анарбеков Қазақстан футболының шежіресіне есімін жазып үлгерді, ал оның болашағы бұдан да жарқын болатыны анық.

Айта кетейік, алдағы қыркүйекте Қазақстан құрамасын 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ойындары күтіп тұр, енді Темірлан бұл деңгейде де өзін көрсетуге дайын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары