«Қайрат» Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды

/
«Қайрат» Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды

«Қайрат» – «Селтик» матчы Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіне жолдама беретін пенальти сериясымен аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматының «Қайраты» Чемпиондар Лигасы плей-офф кезеңінде Шотландияның «Селтигімен» қарымта матч өткізді

Кездесу Орталық стадионда өтті. Оны Италиядан келген төрешілер бригадасы, бас қазы Маурицио Мариани басқарды.

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ қос команда сақ ойнап, үзіліске дейін бір-бір қауіпті сәт қана жасады. Сол мүмкіндікте қақпашы Темірлан Анарбеков көзге түсті. Екінші тайм басында алаң иелері айып соққысын орындағанымен, Жоржиньо өз мүмкіндігін пайдалана алмады. Матчтың соңына таман Дайдзэн Маэда Анарбековпен бетпе-бет шығып, допты қақпадан жоғары тепті. Қосымша уақытта қонақтар басымдық танытқанымен, Анарбеков тағы да шеберлігін көрсетті. Нәтижесінде ойын пенальти сериясына ұласты, онда мықтылық танытқан «Қайрат» жеңіске жетті.

Осылайша, «Қайрат» Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары