Рио-де-Жанейродағы гимнастикадан өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар композитор Бауыржан Ақтайдың «Алаш аманаты» шығармасын рұқсатсыз пайдаланған, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Адырна» сайтының жазуынша, сазгер ұлттық құраманың жаттықтырушысы Меруерт Балғынбаеваға хабарласып, өзінің наразылығын білдірген. Ол шығармаларын би қою үшін жазбайтынын мәлімдеген.
«Шығармамды рұқсатсыз пайдаландыңыздар. Менің музыкамнан да басқа музыкалар толып жатыр емес пе? Соларды пайдалансаңыз болады»,—деген Бауыржан Ақтай.
Ал жаттықтырушы Меруер Балғынбаева туындыны әлемдік аренада насихаттау үшін, қазақ елінің атын шығару үшін пайдаланғанын атап өтті.
«Біз сіздің музыкаңызды енді пайдаланбаймыз, оны міндетті түрде өзгертеміз»,—деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.