Бестеректе зардап шеккен балаға тағы да ота жасалады

/
Бестеректе зардап шеккен балаға тағы да ота жасалады
istockphoto.com

Абай облысы Үржар ауданы Бестерек ауылында көлік қаққан екі бала қазіргі уақытта елордадағы №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасында ем қабылдауларын жалғастыруда, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

"Абай облысынан Көпсалалы қалалық №2 балалар ауруханасына жеткізілген балалардың жағдайы бақылауда. Балалардың жағдайы тұрақты, травматология бөлімшесінде жатыр. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп, отаға дайындық жасалып жатыр", - деп жауап берді аурухананың баспасөз қызметі редакция сауалына.

Еске салсақ, 19 тамызда Абай облысы, Үржар ауданының Бестерек ауылында кәмелетке толмаған балаларды көлік қағып, салдарынан үш бала көз жұмды. Тағы үшеуі түрлі жарақатпен дәрігерлердің бақылауында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары