Қазақстан құрамасы Болгарияның Самоков қаласында өткен грек-рим күресінен жастар арасындағы (U20) әлем чемпионатын төрт жүлдемен аяқтады. Бұл туралы Ұлттық олимпимада комитеті мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Соңғы күні 87 келіге дейінгі салмақта Темірлан Тұрдақын қола үшін болған белдесуде әзербайжандық Орхан Гаджиевті жеңіп, үшінші орынға қол жеткізді. Ал 63 келіге дейінгі салмақта Дамир Ибраишов қола жүлде үшін күресте ресейлік Игорь Пунченкодан ұтылды.
Жалпы қорытынды бойынша:
Диас Сейітқалиев (82 кг) – күміс жүлде,
Арсен Жұма (55 кг), Юсуф Ашрапов (72 кг) және Темірлан Тұрдақын (87 кг) қола жүлде иегерлері атанды.
Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы әлем біріншілігінде барлығы төрт медаль жеңіп алды.