Нью-Йорк қаласында теннистен АҚШ ашық чемпионаты басталды.Қазақстандық теннисшілерден алғашқы болып Александр Шевченко кортқа шықты.
ATP рейтингісінде 89-орында тұрған спортшы алғашқы айналымда әлемнің 18-ракеткасы, испаниялық Алехандро Давидович-Фокинаға тап келді.
Бастапқы екі партияда испаниялық теннисші айқын басымдылық көрсетті – 6:1, 6:1. Содан кейін де ол қарқынынан танған жоқ – 6:2.
Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсекеде Шевченко 1 эйс жасағанымен, 4 брейк-пойнттан түк шығара алмады. Давидович-Фокина 6 эйс, 7 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.
Қазақстаннан жекелей сында енді Елена Рыбакина, Александр Бублик және Юлия Путинцева өнер көрсетеді.