Қазақстандық жасөспірімдер әлем чемпионатында екі медаль иеленді

/
Қазақстандық жасөспірімдер әлем чемпионатында екі медаль иеленді
Фото: ТЖМ

Жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы әлем чемпионатының бірінші кезеңі қазақстандықтар үшін рекордпен және жүлделі орындармен қорытыланды.

Ресейдің Саранск қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XIV жасөспірім ұлдар арасындағы әлем чемпионатының және X жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионатының бірінші кезеңі өтті.

Жарыстың бірінші күні екі спортшы күміс жүлде иегері атанды.

"Жасөспірім ұлдар арасындағы оқу мұнарасының 2-қабатына шабуыл сатысымен көтерілуде Никита Боков 7,26 секунд нәтижесімен рекордты жаңартып, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды", - деп жазды төтенше жағдайлар министрілігінің баспасөз қызметі.

Ал қыздар арасындағы көтерілуде Анастасия Бунякина әлемнің үздік төрттігіне еніп, финалдық жүгірістің нәтижесі бойынша екінші орын иеленген.

Осылайша командалық есепте Қазақстан құрамалары 3-орынға ие болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары