ҚМДБ әйелдерге қатысты орынсыз пікір білдірген дінтанушыға қатысты мәлімдеме жасады

/
ҚМДБ әйелдерге қатысты орынсыз пікір білдірген дінтанушыға қатысты мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желілерде дінтанушы Ризабек Батталұлының әйелдерге қатысты орынсыз пікірлері айтылған ескі бейнежазба қайта тарауда. Осыған қатысты ҚМДБ  мәлімдеме жасаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бұл видео 9 жыл бұрын түсірілген. Сол кезде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан дінтанушыға ескерту жасалып, Ризабек Батталұлы қателігін мойындап, 2018 жылы арнайы кешірім видеосын жариялаған болатын (сілтеме: https://youtu.be/e2vwyVAEJIs?si=DOSj41JMdqDtRHWL). Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл пікірлерді қолдамайды. Исламда әйелге құрметпен қарау, ар-намысын қорғау, зорлық-зомбылықтан сақтау – басты талаптардың бірі. Әйелге күш көрсету – шариғатқа да, еліміздің заңдарына да қарсы әрекет. ҚМДБ әйелдердің құқығын қорғауды, отбасындағы өзара сыйластық пен мейірімділікті арттыруды қолдайды», - деп жазылған мәтінде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары