Қуандық Бишімбаевтың інісіне рақымшылық жасалды

/
Қуандық Бишімбаевтың інісіне рақымшылық жасалды
Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжановқа амнистия жасалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. Шешім заңды күшіне енген.

Бұған дейін Степногорск қалалық соты Байжановтың амнистияға байланысты жазасын қысқарту туралы өтінішін қанағаттандырған болатын. Нәтижесінде оның жаза мерзімі 8 ай 8 күнге азайтылды. Осылайша, ол бостандыққа 2026 жылдың қарашасында шығуы тиіс. Алғашқы мерзім бойынша ол 2027 жылдың шілдесінде шығуы керек еді.

Сот шешім қабылдағанда сотталушының колониядан алған жағымды мінездемесін, марапаттарының барын және іс бойынша талап-арыздың өтелгенін ескерді.

Еске салсақ, Байжанов Салтанат Нүкенованың кісі өліміне қатысты істі жасыру фактісі үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Айта кетерлігі, 2025 жылы 11 маусымда Мәжіліс қабылдаған амнистия туралы заң өз күшіне енді. Заңға сәйкес, амнистияға іліккен ауыр қылмыс жасағандардың жазасы үштен бірге қысқарады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары