Эпидемиология профессоры Карин Модигтің зерттеуіне сәйкес, ұзақ өмір сүретін адамдардың бірнеше ортақ сипаты бар. Ғалымдар 1920–1922 жылдары туған адамдарды 30 жыл бойы бақылап, олардың өмірін талдаған, деп хабарлайды turkystan.kz Newsweek басылымына сілтеме жасап.
Модигтің айтуынша, ұзақ өмірдің ең көп кездесетін үш факторы:
- Сау жүрек-қан тамыр жүйесі
- Өмірге деген позитивті көзқарас
- Мақсаты, өмірлік миссиясы болуы
Профессор Модиг бұл адамдардың жүрек пен ми ауруларына неге төзімді екенін нақты түсіндіру қиын екенін атап өтті. Оның ойынша, басты себеп – генетика мен өмір сүру салты.