Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Азия чемпионатында алтын алды

/
Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Азия чемпионатында алтын алды
Olympic.kz

2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, нысана көздеуден Қазақстан құрамасының өкілі Ислам Сәтпаев Шымкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Спортшы 10 метрлік пневматикалық винтовкадан ату бағдарламасында алтын медаль иеленді. Финалда ол 250,1 ұпай жинады.

Екінші орынға 249,8 ұпаймен қытайлық Лу Динкэ жайғасты. Оңтүстіккореялық Пак Хаджун 228,7 ұпай жинап, қола медальға ие болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары