Қазақстандық балуандар әлем чемпионатын 5 медальмен аяқтады

/
Қазақстандық балуандар әлем чемпионатын 5 медальмен аяқтады
Olympic.kz

Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатында еркін күрес бойынша жарыстар өз мәресіне жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан құрамасы жалпы есепте бес медаль жеңіп алды, соның ішінде біреуі алтын бар.

Әлем чемпионы атағын Едіге Қасымбек (125 келіге дейін) жеңіп алды. Камиль Қуруглиев (92 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Нұрданат Айтанов (57 келіге дейін), Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) және Самир Дурсунов (97 келіге дейін) қола медаль еншіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары