«Қайрат» сырт алаңда «Селтикпен» тең ойнады

/
«Қайрат» сырт алаңда «Селтикпен» тең ойнады
Фото: Қайрат ФК

Алматылық «Қайрат» футболдан UEFA Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінде сырт алаңда шотландиялық «Селтик» командасымен тең түсті.

Кездесу барысында шотландиялық команда алғашқы минуттан тізгінді өз қолында алуға тырысты. Десе де оған қазақстандық команда мүмкіндік берген жоқ. Кейбір сәтте қарсы шабуылға шығып, гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Осындай сәттің бірінде алматылық клубтан Жоржиньо өз мүмкіндігін пайдалана алмады. Алматылық клуб сапынан жас футболшы Дастан Сәтпаевтың белсенділігі анық көрінді. 

Бірінші тайм аяқталар тұста «Селтик» шабуылды үдете түсті. Бұл сәтте алматылық команда сауатты қорғана білді. 

Екінші кезеңде де шотландлиялық команданың белсенділігі байқалды. Соған қарамастан көздеген мақсатына жете алмай жатты. Ойынның 73-минутында негізгі қақпашы Александр Заруцкий алған жарақатына байланысты алаңнан кетуге мәжбүр болды. Оны Темірлан Анарбеков алмастырды.

Осылайша командалар алғашқы кездесуде 0:0 есебіне қанағат білдірді. Енді қарымта ойын 26 тамызда Алматы қаласында өтеді. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары