Қазақ ММА жауынгері Әліби Ыдырыс UFC 319 турниріндегі жеңілісіне қарамастан, ұйыммен 4 жекпе-жекке келісімшарт жасасты, деп хабарлайды turkystan.kz.
17 тамызда Әліби The Ultimate Fighter шоуының финалында америкалық Джозеф Моралеске уақытынан бұрын есе жіберді. Бұл жекпе-жекте UFC-мен эксклюзивті келісімшарт бәйгеге тігілген болатын.
Дегенмен UFC басшылығы қазақстандық спортшының мүмкіндіктерін жоғары бағалап, оған мүмкіндік беруді ұйғарды.
Келісімшартқа қол қойылғаны туралы ақпаратты спортшының бапкері Айбек Шоқпұтов растады.