Ақтөбеде 8 адам сушидан уланып, ауруханаға жеткізілді

/
Ақтөбеде 8 адам сушидан уланып, ауруханаға жеткізілді
istockphoto.com

Суши жеген 8 адам бір түнде облыстық клиникалық инфекциялық ауруханаға түсті. Олардың тек алтауы ғана ауруханада жатып, ем қабылдаған, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«Ауруханаға жатқан 6 адамның екеуі бала. Ал екеуі емді стационарда қабылдайтынын айтты. Дәрігерлер барлық науқасты қарап шығып, қажетті ем тағайындады. Науқастардың жағдайы тұрақты»,  –  деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, қазір тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Астан улану себебі тексеруден соң белгілі болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары