Абай облысына жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі баланы Астанаға жеткізу үшін санитариялық авиация борты жіберілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ведомствоның хабарлауынша, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының санитариялық авиация борты Үржар ауданына жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі баланы Астанаға тасымалдау үшін ұшып барды.
"Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды ерекше бақылауда ұстап отыр. Балаларға көмек көрсетуге еліміздің ғылыми медициналық орталықтарының үздік мамандары тартылды", - делінген хабарламада.
Артынша Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының (ҰШМҮО) санитариялық авиация борты Астана қаласына ұшып шыққаны хабарланды.
Науқастар Астана қаласындағы №2 Көп бейінді қалалық балалар ауруханасына емдеуге жатқызу туралы шешім қабылданған.