Руслан Берденовті атқан Ернар Жиембай 9 жылға сотталды

/
Руслан Берденовті атқан Ернар Жиембай 9 жылға сотталды

Шымкентте Руслан Берденовке қастандық жасады деп айыпталған Ернар Жиембайға сот үкімі шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Судья Жиембайды 9 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар сот Жиембайды жәбірленушінің пайдасына 30 АЕК (118 890 теңге) төлеуге міндеттеді.

Еске салайық, бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Шымкент әкімнің орынбасарына бес оқ жарақатын салған Жиембайға 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары