Роман Төреханов Бокс федерациясының Құрметті президенті болып сайланды

/
Роман Төреханов Бокс федерациясының Құрметті президенті болып сайланды
instagram/boxingkazakhstan

Роман Төреханов Қазақстан бокс федерациясының Құрметті президенті болып сайланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Федерацияның мәліметінше, 19 тамыз күні өткен кезектен тыс Конференцияда Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліптің ұсынысымен Құрметті президент қайта сайланды.

«Роман Алмаханұлы Төреханов - 2024 жылдың ақпан айынан бастап ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы.

Қазақстан бокс федерациясының Құрметті президенті Рақышев Кеңес Хамитұлына отандық бокстың дамуына қосқан үлесі үшін зор алғыс білдіреміз», – делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары