Астанада көлік тізгіндеген жеті жастағы бала апатқа ұшырады

/
Астанада көлік тізгіндеген жеті жастағы бала апатқа ұшырады
Фото ашық дереккөзден

Астанада жеті жасар бала үлкендердің қарауынсыз қалып, ата-анасының көлігінің кілтін алып, машинаны оталдырып, аулада тұрған автокөліктерге соғылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы krispastana жазды.

Кейін полиция баланың және оның ата-анасының жеке басы анықталғанын мәлімдеді.

«Ата-аналарға өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Полиция ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне назар аударуды, көлік құралдарының кілттерін және өзге де қауіпті заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді», – деді Астана қаласы полициясы.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары