Мұнайлы ауданы Басқұдық мәдениет үйінің өнерпаздары Шымкент қаласында өткен халықаралық «Dance Battle» байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Томирис» би тобы испан биі бойынша І орын, ал қазақ биі гран-при және Дубай қаласына 10% жеңілдік сертификатына ие болды. Сонымен қатар, «Үлкен отбасы» номинациясы бойынша 60 000 теңге сертификат жеңіп алды.
«Сайыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Басқа өңірлерден келген би ансамбльдерінің дайындығы да керемет болды. Барлық қатысушыларға алғыс білдіремін!» – деді би жетекшісі Светлана Балашкина.