Мамандығын мақтан тұтқан машинист

Мамандығын мақтан тұтқан машинист
gov.kz

Қуат Ғабдуллин – Атырау мұнай өңдеу зауытында 33 жыл еңбек өтілі бар технологиялық қондырғы машинисі, отандық мұнай-химия саласының дамуына сүбелі үлес қосқан қарапайым еңбек адамы.

Мектепті аяқтап, әскер қатарынан оралғаннан кейін ол ауылшаруашылық машиналарының техник-механигі мамандығын алып, дизельді моторист болып еңбек жолын бастаған. Алайда оның өміріндегі маңызды бетбұрыс 1992 жылы Атырау МӨЗ-на жұмысқа орналасуымен байланысты. Содан бері үш онжылдықтан астам уақыт бойы зауытпен бірге, бір мамандыққа адал қызмет етіп келеді.

Бүгінде Қуат Мәжитұлы – «Кокс және күкірт өндіру» цехындағы баяу кокс өндіру қондырғысының машинисі. 

Ол – тәжірибелі маман ғана емес, сондай-ақ отбасына тірек, үш баланың әкесі, бес немеренің ардақты атасы. Жұмысын құрметпен атқарса, отбасын мақтанышпен әңгімелейді. Мұндай азаматтар – тек жұмысшы ғана емес, өндірістің арқа тірегі, дәстүр мен жауапкершіліктің жарқын үлгісі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары