Елордада LRT станцияларына атау берілді

/
Елордада LRT станцияларына атау берілді
Астана әкімдігі

Бүгін Астанада өткен мәслихаттың кезектен тыс cессиясында депутаттар LRT-ның 18 станциясына атау берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мәслихаттың хабарлауынша, депутаттар жер үсті және жер асты метрополитенінің станцияларына ат таңдауда әлемдік тәжірибеге сүйенді. Атаулар жақын жерде орналасқан маңызды нысандарға, көшелерге немесе бөлімдерге сәйкес беріледі.

Осылайша, депутаттар мен ономастикалық комиссия мүшелері LRT-ның 18 станциясына келесідей атаулар беріледі деп келісті:

  1. "Әуежай";
  2. "Атамекен";
  3. "Есіл";
  4. "Мәңгілік ел";
  5. "Астана жұлдызы";
  6. "Нұра";
  7. "Университет";
  8. "Ұлы дала";
  9. "Астана Арена";
  10. "Жекпе-жек сарайы";
  11. "Сығанақ";
  12. "Бәйтерек";
  13. "Министрліктер үйі";
  14. "Ұлттық музей";
  15. "Театр";
  16. "Мыңжылдық аллеясы";
  17. "Жібек жолы";
  18. "Нұрлы жол".

Астана қаласы Тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасының басшысы Сәкен Есіркептің айтуынша, мәслихат бекіткеннен кейін әкімдік бұл станция атауларын үкімет жанындағы Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына ұсынады. Егер мақұлданса, әкімдік бұл ұсыныспен мәслихатқа қайта оралады, содан кейін бұл атаулар ресми түрде LRT станцияларына бекітіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары