Әлемдік экономика смартфонға тәуелділіктен жылына 8,8 трлн доллар жоғалтады – зерттеу

/
Әлемдік экономика смартфонға тәуелділіктен жылына 8,8 трлн доллар жоғалтады – зерттеу
сурет: istockphoto.com

Зерттеулерге сәйкес, орта есеппен әр адам күніне 6 сағат 12 минутын экран алдында өткізеді. Бұл жылына шамамен 130 шақырымға тең «скроллинг» қашықтығы. Мәселен, Нью-Йорк тұрғындары жылына орта есеппен 130 км лентаны айналдырады екен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бірақ басты мәселе тек уақыт жоғалтудан тұрмайды. Сарапшылардың айтуынша, әрбір телефоннан келген ескерту немесе «пуш» хабарлама жұмыс өнімділігін бірден 40%-ға дейін төмендетеді. Ал бұл ғаламдық деңгейде экономикаға триллиондар шығын әкеліп отыр.

Маман пікірінше, смартфоннан келетін дыбыстарға, ескертулерге және әлеуметтік желідегі «бірдеңені жіберіп аламын ба?» деген қорқынышқа (FOMO) қарсы тұру көпшілік үшін қиын. Соның кесірінен адамдар күнделікті жұмысында толық шоғырлана алмайды.

Бұл құбылыс әсіресе 9:00–ден 18:00–ге дейін жұмыс істейтін кеңсе қызметкерлеріне тән. Сарапшылар мұны жаңа дәуірдің «цифрлық тәуелділігі» деп атап отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары