Тарихи жеңіс: 18 жастағы балуан күрестен әлем чемпионы атанды

/
Тарихи жеңіс: 18 жастағы балуан күрестен әлем чемпионы атанды
Baq.kz

Болгарияның Самоков қаласында өткен еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алтын медаль алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Едіге Қасымбек қарсыластарына дес бермей, чемпион атанды.

Финалда ол ирандық Абольфазл Мохаммад Нежадпен кездесіп, 4:1 есебімен айқын жеңіске жетті.

Сонымен қатар, әлем чемпионатының қола медалін Досжан Күлғайып (74 кг) пен Самир Дұрсынов (97 кг) жеңіп алды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары