254
Цеснабанк Банк холдингі мәртебесін алды
Цеснабанк Банк холдингі мәртебесін алды
Ұлттық банк «Цеснабанк» АҚ-ның банк холдингі мәртебесін алуына келісім берген. Сондай-ақ «Цеснабанк» «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның жарғылық капиталына қатысуға рұқсат алды. деп хабарлады «ҚазАқпарат».
«Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізіміне енген «Цеснабанк» АҚ 2017 жылғы 10 сәуірде «Банк ЦентрКредит» АҚ жарғылық капиталына қомақты көлемде қатысуына ҚР Ұлттық банкінің 2017 жылғы 07.04 №19 рұқсатын» және «Банк ЦентрКредит» АҚ банк холдингінің мәртебесін алуға ҚР ҰБ келісімін алғанын хабарлады», - делінген KASE сайтында жарияланған хабарламада. Еске сала кетейік, қаңтардың соңында Кореялық Kookmin Bank қазақстандық «Банк ЦентрКредиттегі» өз үлесін сатуға ниетті екенін хабарлаған. Ал ақпан айының басында Цеснабанк осы үлесті сатып алғаннан кейін «БанкЦентрКредитпен» бірігу мүмкіндігі талқыланған болатын. Банк холдинг - бір немесе бірнеше кредиттік ұйымдар (еншілес) қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігіне ие кредиттік ұйым (негізгі).