«Қойшы бала» ретінде танымал болған әнші Айдос Кәден екінші продюсерімен де жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы продюсер Қанағат Меченбай мәлімдеді.
«Құрметті қазақ елі! «Қойшы баламен не болды?» деп сұрап жатқандарға айтарым бар. Айдос енді өз еркімен жұмыс істесін. Қолды-аяққа тұрмай кетті. Қаншама тапсырыстарымызға үлгермей қалған жағдайлар болды. Енді өзі жұмыс істеп көрсін. Мен Айдосты жіберейін деп тұрмын. «Қойшы баланың» продюсері емеспін. Ең бастысы жолы болсын, адам болсын және адал болсын! Менің де жеке шығармашылық жолым бар. Осындай шешім қабылдадым», – деп мәлімдеме жасады Қанағат Меченбай.
Айта кетейік, Айда Кәден бұрын әнші Жігер Ауыпбаевтан да кетіп, Қанағат Меченбайдың продюсерлік орталығына барған болатын