Қазақстандық спортшы Польшада Әлем кубогының күміс жүлдесін жеңіп алды

/
Қазақстандық спортшы Польшада Әлем кубогының күміс жүлдесін жеңіп алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық спортшы Данил Васильев шаңғымен трамплиннен секіру бойынша ел тарихындағы тарихи нәтижеге қол жеткізді. Ол Польшадағы Висла қаласында өткен жазғы Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанып, финалда 119,3 ұпай жинады, деп хабарлайды turkystan.kz Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Жарыста жеңімпаз атанған австриялық спортшы Никлас Бахлингер 129,5 ұпай иеленсе, үшінші орынға болгариялық Владимир Зографский жайғасты.

Бұл жетістік Қазақстан спорты үшін ерекше маңызға ие, себебі бұған дейін әлем кубогы кезеңінде отандық спортшылардың ең жоғары көрсеткіші – 2021 жылы Щучинскіде Сергей Такченконың алтыншы орны болған.

Ұлттық құраманың бас бапкері Павел Васильев Данилдің техникалық сауатты секірісі мен сәтті қонуы табысқа жетуге мүмкіндік бергенін атап өтті. Сонымен бірге жарыста Қазақстанның тағы бір өкілі Илья Мизерн 24-орынға тұрақтады.

Спорт сарапшыларының айтуынша, бұл нәтиже Данил Васильевке 2026 жылы Миланда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына лицензия алу мүмкіндігін едәуір жақындата түсті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары