Грузия Президенті Қазақстанға келеді

Грузия Президенті Қазақстанға келеді

Грузия Президенті Қазақстанға келеді
ашық дереккөзі
439
Грузия Президенті Георгий Маргвелашвили Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл жайында бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырғаннан кейін Грузияның ҚР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі Зураб Абашидзе мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  «Грузия Президенті Георгий Маргвелашвилидің 29-30 маусымда Астанаға сапарлау мәселесі шешілуде. Бұл саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, гуманитарлық-мәдени қарым-қатынастарымызға қосымша үлес қосады», - деді ол. Айта кетерлігі, Грузия елшісінен сенім грамотасын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Грузиямен екіжақты қарым-қатынасын дамытуға мән беретіндігін, Кавказ маңайындағы негізгі серіктестердің бірі санайтындығын баса айтты. «Біз Тбилисимен барлық салада және барлық деңгейде ары қарай диалог жүргізуге мүдделіміз. Өткен жылдары халықтарымыз арасындағы достық байланыс нығая түсті. Ынтымақтастықты осындай бағытта дамыта түсуіміз қажет. Кавказ арқылы өтетін теміржол бойында тұрған Грузия біз үшін өте пайдалы әріптес саналады. Грузия Президенті Георгий Маргвелашвилидің алдағы Астанаға сапарында біз кең ауқымды мәселелерді талқылап, екіжақты өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын айқындаймыз деп сенемін», - деді ҚР Президенті.  

Серіктес жаңалықтары