Қазақстанның екінші, әлемнің 102-ракеткасы Александр Шевченко Самтер (АҚШ) челленджер турнирінің финалында өнер көрсетті.
Қазақстандық теннисші соңғы бәсекеде әлемнің 74-ракеткасы, италиялық Маттиа Белуччимен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Бірінші партияда италиялық теннисші тай-брейкте басымдылық танытты - 7:6 (7:5).
Екінші сетте М.Белуччи 3:1 есебімен жеңіп жатқан мезетте А.Шевченко матчты жалғастырудан бас тартты.
Бір сағат 45 минутқа созылған бәсекеде Шевченко 4 брейк-пойнттың тек біреуін пайдаланды.
Белуччи 3 эйс, 2 брейкпен (3 брейк-пойнт) көзге түсті.