Теннисші Елена Рыбакина әлемнің 1-ракеткасын ұтты

/
Теннисші Елена Рыбакина әлемнің 1-ракеткасын ұтты
Фото: ҚТФ

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 1-ракеткасы, беларусьтік Арина Соболенконың ұтты.

Бірінші партияда Елена бет қаратпады - 6:1. Екінші сетті жеңіспен түйіндеді - 6:4.

Бір сағат 15 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 11 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін құр жібермеді.

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 3-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен ойнайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары